КГУ «Общеобразовательная средняя школа-гимназия №11» г.Актобе


«Дарынды және талантты балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету»тақырыбында коучинг өтті

2022 жылдың 28 қаңтарында №11 орта меткеп-гимназиясында мектептің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатқан «Үздік кафедра және үздік ӘБ» байқауында қазақ филология кафедрасы «Дарынды және талантты балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету» тақырыбында коучинг өткізді. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу бала үшін ғана емес, ең алдымен, қоғам үшін маңызды. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғамға дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген тұлға қажет екенін ескерсек, коучинг тақырыбының өзектілігіне көз жеткіземіз. Коучингте кафедра мұғалімдері дарынды балалармен жұмыстың түрлі тәсілдері мен әдістерін ұсынды. Қатысушы мұғалімдер тақырыпты жан-жақты талқылап, өз пікірлерімен бөлісті, тәжірибе алмасты. Дарынды және талантты балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету жолдары бойынша өз білімдерін жетілдірді. Қазақ филология кафедрасының дарынды балалармен жұмыста жеткен жетістіктері бойынша көрме ұйымдастырылды.

Контакты

Адрес: РК, Актюбинская обл., г. Актобе. ул. Айтеке би, 35 Телефон: 8 (7132) 460-508 Е-mail: akschoоl11@mail.ru